Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 205 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Әйтеке би аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 4 мамырда № 3-2-154 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзу басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5597 тіркелген, 2017 жылы 4 тамызда "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларының:

      9 тармақтың 3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімдері негізінде;".

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Әйтеке би аудандық Әділет басқамасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы
А.Т. ЕреновЕ.Б. Таңсықбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
      әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы __________________ Қ. Отаров
      "___"______________ 2018 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады