Қопа ауылдық округінің Көптоғай елді мекені аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 8 қарашада № 3-4-184 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 19.12.2018 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 10 қазандағы № 190 ұсынысы негізінде, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қопа ауылдық округінің Көптоғай елді мекені аумағында мүйізді ірі қара малдар арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты, карантин белгіленсін.

      2. "Қопа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қопа ауылдық округінің әкімі М. Байтақ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады