Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Темір аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 30 мамырда № 3-10-195 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 03.01.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрілігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекция басшысының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 2-14-4/112 ұсынысы негізінде Ақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

      1. Ұсақ мүйізді малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақсай ауылдық округі, Ақсай ауылының К. Латыпов және Жаманағаш көшелері аумағына шектеу іс шаралары белгіленсін.

      2. "Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Ақсай ауылдық округінің әкімі Е. Бегимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады