Шектеу іс-шараларын алу және Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 15 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 шілдеде № 3-13-204 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 11 маусымдағы № 16-8/83 ұсынысы негізінде, Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есет Көтібарұлы ауылдық округінде орналасқан "Нұралы" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 15 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5673 тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шалқар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі М. Кенжалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады