Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылындағы жаңа көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 7 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 9 қаңтарда № 4991 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 наурыздағы қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылындағы жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Тұздыбастау ауылының солтүстік-шығысында орналасқан жиырма төртінші көшеге "Қорқыт ата", жиырма бесінші көшеге "Қазақстан", жиырма алтыншы көшеге "Нұрғиса Тілендиев", жиырма жетінші көшеге "Өзбекәлі Жәнібеков", жиырма сегізінші көшеге "Талхиз", жиырма тоғызыншы көшеге "Ермұхан Бекмаханов";

      2) Тұздыбастау ауылының солтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Сырым Датұлы", екінші көшеге "Асанқайғы", үшінші көшеге "Асанбай Асқаров", төртінші көшеге "Ұлы дала";

      3) Тұздыбастау ауылының солтүстік-батысында орналасқан тоғызыншы көшеге "Әлкей Марғұлан", оныншы көшеге "Ілияс Есенберлин";

      4) Тұздыбастау ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан он үшінші көшеге "Жәнібек хан", он төртінші көшеге "Қазтуған жырау", он бесінші көшеге "Ахмет Байтұрсынұлы", он алтыншы көшеге "Ғабит Мүсірепов", он жетінші көшеге "Нұрлы жол", он сегізінші көшеге "Мәңгілік ел", он тоғызыншы көшеге "Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы", жиырмасыншы көшеге "Күлтегін", жиырма бірінші көшеге "Қожа Ахмет Яссауи".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің орынбасары Р. Акатовқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданының
      Тұздыбастау ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы М. Баймолданов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады