Кеген ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 9-32 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 29 қарашада № 4901 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 тамыздағы № 38-131 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 19.08.2020 № 38-131 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кеген ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы С. Саниязов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Н. Советов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады