Жамбыл облысы Жуалы ауданының кейбір ауылдық округтары аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 221 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 қарашада № 3982 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 20.04.2023 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Инспекция) 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 6-3-5/742 ұсынысы негізінде, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы Жуалы ауданының кейбір ауылдық округтары аумағында залалданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

      2. Инспекция (келісімі бойынша), аудан әкімдері және "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы "13" қарашадағы
№ 221 қаулысына қосымша

Залалданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген Жамбыл облысы Жуалы ауданының кейбір ауылдық округтары аумағы

Аудан атауы

Ауылдық округтер атауы

Шаруа қожалықтарының атауы

Залалдану аумағы (гектар)

Картоптың алтын түстес жұмырқұрты
(Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens)

 
Жуалы

Ақтөбе

"Жаңаталап" шаруа қожалығы

128

"Ақмарал" шаруа қожалығы

28

"МААК" шаруа қожалығы

8

"Айкүміс" шаруа қожалығы

10

"Арапат" шаруа қожалығы

2

Ақсай

"Айдар" шаруа қожалығы

16

"Жандос" шаруа қожалығы

31,6

Барлығы



223,6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады