Қарой ауылдық округінің Пригородное, Кемел ауылдарындағы көше және бұрылыс атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 70 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қаңтарда № 4088 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 08 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарой ауылдық округінің Пригородное, Кемел ауылдарындағы көше және бұрылыс атаулары өзгертілсін:

      1) Пригородное ауылы бойынша:

      Украин көшесі-Өркен көшесіне;

      Мир көшесі-Береке көшесіне;

      Степная көшесі-Арна көшесіне;

      Комсомол бұрылысы-Жігер көшесіне;

      Молодежная бұрылысы-Бастау көшесіне;

      Ленин көшесінің 1-бұрылысы-Сұңқар көшесіне;

      Ленин көшесінің 2-бұрылысы-Мерей көшесіне;

      Терешкова көшесінің 1-бұрылысы-Қайнар көшесіне.

      2) Кемел ауылы бойынша:

      Космонавтов көшесінің 1-бұрылысы-Байқоныс көшесіне;

      Космонавтов көшесінің 2-бұрылысы-Самал көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарой ауылдық округі әкімінің орынбасары Г.О.Инкашеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарой ауылдық округінің әкімі Т. Тапжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады