Жаңатас қаласындағы "Профсоюзная" көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 57 қаулысы және Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 31-10 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 сәуірде № 3804 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңатас қаласындағы "Профсоюзная" көшесі "Кәсіподақ" көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасы демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М. Әбішовке және аудан әкімінің орынбасары Д. Асановаға жүктелсін.

      3. Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Нарбаев
      Сессия төрағасы Л. Мырзабеков
      Мәслихат хатшысы С. Бегеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады