Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының № 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы 32 сессиясының № 32/351 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4852 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының № 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 шілдедегі № 26 (3927) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі -Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;";

      8- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін қөрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды береді.";

      мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3, 8-4, 8-5, 8-6, 8-7 және 8-8 тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      8-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      8-3. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      8-4. Қаулымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      8-5. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      8-6. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      8-7. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      8-8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісі түзіледі. Ай сайын тұрғын үй жәрдемақысы есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы Н. Белан
      Абай аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Цай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады