Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының № 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № VI-37/313 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қаңтарда № 5139 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының № 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-13-121 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы № 39-40 (11059) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:

      1 тармақ келесі мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекетік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;";

      3 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының сегіз пайызы мөлшерінде белгіленеді. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету үшін өлшем болып табылады.";

      келесі мазмұндағы 3-1 және 3-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.";

      4 тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1985 жылға дейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 161 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 98 килограмм, 1985 жылдан кейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 125 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 72 килограмм (жылыту маусымы есебінде), бірақ үйге (пәтерге) 7 тонна көмірден артық емес;";

      4 тармақтың 2) тармақшасының сегізінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 200 киловаттан аспауы керек;";

      келесі мазмұндағы 18-1, 18-2, 18-3, 18-4, 18-5, 18-6 тармақтарымен толықтырылсын:

      "18-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      18-2. Осы Ереженің 18-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      18-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      18-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      18-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      18-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Кәрім
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Нуркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады