Пржевальское ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы Пржевальское ауылының әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 қарашада № 4996 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының әкімінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының әкімінің 25.02.2019 № 1 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Пржевальское ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан құтыру ауруының анықталғанына байланысты Пржевальское ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Е. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады