Озерный ауылдық округіндегі Ералы ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 5070 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі баскару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде, Озерный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданы Озерный ауылдық округіндегі Ералы ауылының көшелері келесідей:

      1) Первая көшесі Атамұра көшесіне;

      2) Вторая көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      3) Третья көшесі Шаңырақ көшесіне болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Каспаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады