Тоқабай елді мекеніндегі көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы Жіңішкеқұм кенті әкімінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 12 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 қыркүйекте № 6434 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы № 3 қорытындысы негізінде, Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тоқабай елді мекеніндегі "Тоқабай" көшесі "Қуаныш Бердімағанбетов" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі М. Әлішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады