Шиелі ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 340 қаулысы және Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 34/25 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 6638 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 108 бабының 5-тармағына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы Шиелі ауданының Алмалы ауылдық округі Алмалы ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 796,8 гектар, Алмалы ауылдық округі №21 бекетінің шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 218 гектар, Жаңатұрмыс ауылдық округі Байсын ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 1549,6 гектар, Ақтоған ауылдық округі Досбол би ауылының шекарасының (шегінің)жалпы алаңы 915 гектар болып өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданының әкімі Ә.Оразбекұлы
      Шиелі аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы
Қ.Шәукебаев
      Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздық

  Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "28" желтоқсан № 340 қаулысына және Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы "28" желтоқсан № 34/25 шешіміне қосымша

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі Алмалы ауылы, Алмалы ауылдық округі №21 бекеті, Жаңатұрмыс ауылдық округі Байсын ауылы, Ақтоған ауылдық округі Досбол би ауылының шекаралары (шектері)

Елді мекен атауы

Жалпы
алаңы
(гектар)

Оның ішінде (гектар):

Басқа да жерлер

ауыл шаруашылығы алқаптары

егістік

көп жылдық екпелер

шабындық

жайылымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Алмалы ауылдық округі, Алмалы ауылы

796,8

37

3


698

58,8

2

Алмалы ауылдық округі, №21 бекеті

218

11

1

10

128

68

3

Жаңатұрмыс ауылдық округі, Байсын ауылы

1549,6

27

1


1407,167

114,435

4

Ақтоған ауылдық округі, Досбол би ауылы

915

27

1


698

189


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады