Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 18/212 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 шілдеде № 3690 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 45/451 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 27.11.2020 № 45/451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 10.01.2019 № 24/271 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңыны 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу 12 100 (он екі мың бір жүз) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 10.01.2019 № 24/271 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Есенқосов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы А. Мееров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық жұмыспен

      қамту, әлеуметтік бағдарламалар

      және азаматтық хал актілерін

      тіркеу бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Сәрсенғали Маркс Тайырұлы

      3 шілде 2018 жыл


      "Қарақия аудандық экономика және

      қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы

      Сейлханова Назгүл Бақтыбайқызы

      3 шілде 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады