Арқалық қаласы Ашутасты ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылы әкімінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 ақпанда № 7532 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылы әкімінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылы әкімінің 19.11.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 01-20/55 ұсынысы негізінде Ашутасты ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылында орналасқан "Арқалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы фермасы аумағында ірі қара малдың туберкулез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Арқалық қалалық әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Арқалық қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық – санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық – санитариялық іс – шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Арқалық қаласы Ашутасты ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ашутасты ауылының әкімі Қ. Қайнеш

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Арқалық қаласы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ Е.С. Асылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Арқалық

      қалалық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Е.К. Канапин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы қоғамдық денсаулық

      сақтау департаментінің Арқалық

      қалалық қоғамдық денсаулық сақтау

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ Б.А. Кұрғанбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады