Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды ауылы аумағында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 7742 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 01-20/246 ұсынысы негізінде, Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды ауылы аумағында ірі қара малдардың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 15 тамыздағы № 2 "Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округінің Қайынды ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7187 тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп саналсын.

      3. "Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін:

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне еңгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды ауылдық округінің әкімі Ж.К. Минзятов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      ауыл шаруашылық министрлігі

      ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Арқалық

      қалалық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ Е. Канапин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      денсаулық сақтау министрлігінің

      қоғамдық денсаулық сақтау

      Комитеті Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      Департаментінің Арқалық

      қалалық Қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ Б. Қорғанбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Арқалық қаласы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін

      атқарушы

      _____________ Қ. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады