2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 14 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 7515 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған Денисов ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариалау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің әлеуметтіқ мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Нұрғалиев

  Әкімдіктің
2018 жылғы 30 қантардағы
№ 14 қаулысына қосымшасы

2018 жылға арналған Денисов ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

№ р/с

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеле-
нушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Денисов ауданы Әйет ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Академик Темірбай Бай-босынұлы Дарқамбаев атындағы Әйет орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік меке-месінің жанын-дағы толық күндік мектепке дейінгі шағын-орталық

25

21414

үш жастан бастап 7000

2

Денисов ауданы Денисовка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 3 Денисов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік меке-месінің жанын-дағы толық күндік мектепке дейінгі шағын-орталық

50

21414

үш жастан бастап 7000

3

Денисов ауданы Приреченка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Приречен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын-орталық

25

21414

үш жастан бастап 7000

4

Денисов ауданы Глебовка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Глебов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын-орталық

25

21414

үш жастан бастап 7000

5

Денисов ауданы Алшан ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Алшан негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын-орталық

25

21414

үш жастан бастап 7000

6

Денисов ауданы Антоновка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Антонов негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын-орталық

10

21414

үш жастан бастап 7000

7

Денисов ауданы Перелески ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Балдаурен" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

100

26267

үш жасқа дейін 6700
үш жастан бастап 7000

8

Денисов ауданы Денисовка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 1 бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

85

30504

үш жасқа дейін 6700
үш жастан бастап 7000

9

Денисов ауданы Денисовка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 40 бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

150

26608

үш жасқа дейін 6700
үш жастан бастап 7000

10

Денисов ауданы Свердловка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Свердлов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын-орталық

17

27235

үш жастан бастап 7000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады