Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 40 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 сәуірде № 7732 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 14.04.2021 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына және 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6305 тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырда "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі, көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданының әкімі Ғ. Бекмұхамедов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қамысты аудандық

      мәслихатының хатшысы

      __________ С. Кстаубаева

      2018 жылғы 9 сәуір

  Әкімдіктің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 40 қаулысына қосымша


  Әкімдіктің
  2016 жылғы 4 сәуірдегі
  № 51 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

      Әлеуметтік қамсыздандыру саласында:

      1. аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2. жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      3. карттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4. психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға және мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6. әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      7. аудандық маңызы бар жұмыспен қамту оратылығы секторының басшысы;

      Білім беру саласында:

      8. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      9. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;

      10. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бөлім басшысы;

      11. мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;

      12. мұғалім-логопед, логопед;

      13. бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      14. кітапхана басшысы (меңгерушісі);

      15. кітапханашы;

      16. әлеуметтік педагог;

      17. мейірбике (мейіргер);

      18. емдәмдік мейірбике;

      19. педагог-психолог, психолог;

      20. тәрбиелеуші;

      21. тәлімгер;

      22. музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      23. әдіскер (негізгі қызметтердің);

      24. қосымша білім беретін педагог;

      25. дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      Мәдениет саласында:

      26. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысы;

      27. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;

      28. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының көркемдік жетекшісі;

      29. музыкалық жетекші;

      30. аккомпаниатор;

      31. хореограф;

      32. барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      33. қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;

      34. кітапханашы;

      35. библиограф;

      36. барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      37. мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      38. режиссер; дыбыс режиссері;

      Спорт саласында:

      39. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі, аудандық маңызы бар қазыналық кәсіпорынының басшысы;

      40. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;

      41. (мамандандарылған) медициналық бике/аға;

      42. аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;

      43. жаттықтырушы;

      Ветеринария саласында:

      44. ветеринариялық дәрігер;

      45. ветеринариялық фельдшер.

      Денсаулық сақтау саласында:

      46. аудандық аурухананың, емханының басшысы;

      47. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;

      48. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері, бөлім басшылары;

      49. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

      50. барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      51. акушер;

      52. диеталық мейіргер;

      53. мейіргер;

      54. қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      55. зертханашы (медициналық);

      56. провизор (фармацевт);

      57. психолог маман;

      58. рентген зертханашысы;

      59. әлеуметтік қызметкер;

      60. фельдшер;

      61. медициналық тіркеуші;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады