Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 28/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 5852 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 214/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3895 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 тамызда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған);

      Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 214/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 54/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5008 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 сәуірде "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған).

      2. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбекке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады