Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 46/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 333/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 желтоқсанда № 6142 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 329/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 03.12.2019 № 329/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 46/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4987 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 наурызда аудандық "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғожинов

      Ер

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "5" желтоқсандағы
№ 333/11 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді Павлодар облысы
Ертіс ауданы бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

Р/с№

Атауы

1

Аудандық жергілікті атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілдерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілдерімен мемлекеттік сатып алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады