Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 1 қарашадағы "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі Набережное ауылының кейбір көшелерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04-8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 1-04-7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қазанда № 6072 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 2-36/226 ұсынысы негізінде, Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі-қара мал бруцеллезі ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі Набережное ауылының келесі көшелерінің аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:

      Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі Набережное ауылының Аульная, Школьная, Степная, және Абай көшелері.

      2. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 1 қарашадағы "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі Набережное ауылының кейбір көшелерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04-8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5688 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 27 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Григорьевка ауылдық
      округінің әкімі В. Бруцкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады