Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 02 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қаңтарда № 4559 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің 28.01.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасынның 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 12-11/189 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малының арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің Куломзино ауылында орналасқан "Куломзино" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Канышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады