Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 19 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 қазанда № 4247 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 14 тамыздағы қорытындысының негізінде, Ақжайық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауылдық округінің Ақжайық ауылындағы көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) № 1 көшеге – Мұхтар Рахметов есімі;

      2) № 2 көшеге – Махамбет есімі;

      3) № 3 көшеге – Қызылүй атауы;

      4) № 4 көшеге – Көшқали Ыбыраев есімі;

      5) № 5 көшеге – Есбол атауы;

      6) № 6 көшеге – Қарашығанақ атауы;

      7) № 7 көшеге – Ақтөбе атауы;

      8) № 8 көшеге – Ақжайық атауы;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі С. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады