Қызылқоға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 1 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 қаңтарда № 4049 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 19.03.2021 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылқоға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 46 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3819 санымен тіркелген, 2017 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Абуовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Баженов

  Аудан әкімдігінің 2018 жылғы
4 қаңтар № 1 қаулысына
қосымша

Қызылқоға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы айына (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ата-ана төлемақысының мөлшері айына (теңге)

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

Балабақша

Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес)

Бөбек жай

Бақша

Бөбек жай

Бақша

240

733

22960

318

360

6996

7920


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады