Көше, шағын аудандарға атау беру мен қайта атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кенті әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 256 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 4297 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 17 қарашадағы қорытындысы негізінде, әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақат кентінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) № 10 көшесіне - "Ұлыс" атауы;

      2) № 67 бөлімшесіндегі № 1 көшеге - "Парасат" атауы;

      3) № 6 көшесіне - "Наурыз" атауы;

      4) Батыс бөліміндегі № 3 көшеге - "Әділет" атауы;

      5) № 9 көшесіне - "Ырыс" атауы;

      6) № 52 көшесіне - "Самұрық" атауы;

      7) № 8 көшесіне - "Игілік" атауы;

      8) № 7 көшесіне - "Шұғыла" атауы;

      9) № 80 көшесіне - "Ынтымақ" атауы;

      10) № 4 бөлімшесіндегі №1 көшеге - "Бостандық" атауы;

      11) № 48 көшесіне - "Бейбітшілік" атауы;

      12) № 5 көшесіне - "Достық" атауы;

      13) № 11 көшесіне - "Бәйтерек" атауы;

      14) "Вокзал маңы" шағын ауданындағы № 1 көшеге- "Алаш" атауы;

      15) "Жаңа құрылыс" шағын ауданындағы № 1 көшеге - "Азаттық" атауы;

      16) № 54 көшесіне - "Теміржолшылар" атауы;

      17) № 42 бөлімшесіндегі №1 көшеге - "Егемен" атауы;

      18) № 26 көшесіне - "Майқұдық" атауы;

      19) № 1 көшесіне - "Бастау" атауы;

      20) № 12 көшесіне - "Қара алтын" атауы;

      21) № көшесіне - "Шаңырақ" атауы;

      22) "Құрылыс" шағын ауданындағы №1 көшеге- "Береке" атауы;

      23) № 49 көшесіне - "Ақ босаға" атауы;

      24) № 22 көшесіне - "Айқын" атауы;

      25) № 23 көшесіне - "Мирас" атауы;

      26) № 46 көшесіне - "Қорған" атауы;

      27) № 51 көшесіне - "Тұздыкөл" атауы;

      28) № 78 көшесіне - "Жастар" атауы;

      29) №4 бөлімшесіндегі № 1 көшеге - "Сарыарқа" атауы;

      30) Үшінші ауылдың батыс бөліміндегі № 1 көшеге - "Өркен" атауы;

      31) "Жаңа құрылыс" шағын ауданындағы № 2 көшеге - "Ерғожа Тауманов" есімі;

      32) Бірінші ауылдың батыс бөліміндегі № 1 көшеге – "Ермаш Аманбердиев" есімі;

      33) Екінші ауылдың батыс бөліміндегі № 1 көшеге – "Базарғали Төлекбаев" есімі;

      34) Үшінші ауылдың батыс бөліміндегі № 2 көшеге – "Жұмабай Жұмағалиев" есімі;

      35) №67 бөлімшесіндегі № 2 көшеге- "Сәлімгерей Сәбетов" есімі;

      36) "Мұса Баймұханов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінен бастап "Атырау Су Арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорының Мақат кентінде орналасқан филиалының ғимаратына дейінгі орналасқан көшеге - "Нәбира Шағырова" есімі;

      37) "Строительный Монтажный Проезд" шағын ауданындағы № 1 көшеге - "Әліби Жангелдин" есімі;

      38) "Железнодорожников" шағын ауданынындағы № 1 көшеге - "Саламат Мұқашев" есімі;

      39) "Железнодорожников" шағын ауданындағы № 2 көшеге - "Сүйеу Әлиев" есімі;

      40) №68 пәтерлік тұрғын үйден "Железнодорожников" шағын ауданына дейінгі орналасқан көшеге - "Айман Жұмашева" есімі;

      41) "Құрылыс" шағын ауданындағы көшеге - "Қаныш Сатпаев" есімі;

      42) 100\1 тұрғын үйінен бастап "Северный" көшесіне дейінгі көшеге - "Сәтқұл Бекжанов" есімі;

      2. Келесі көшелер қайта аталсын:

      1) "Северный" көшесі – "Мұнайшы газеті"атауымен;

      2) "Восточный" көшесі - "Ләтип Шахатов" есімімен;

      3) "Ағайынды Телішевтер" көшесі - "Телішевтер" есімімен;

      3. Көп қабатты тұрғын үй кешеніндегі 13 үй "а,б,в,г" үйлеріне - "Газшылар" шағын аудан атауы берілсін;

      4. "Құрылыс" шағын ауданына- "Болашақ" атауы берілсін;

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Б. Сәрсен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады