Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 92 "Құрманғазы ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 75 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 наурызда № 4079 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағы, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 92 "Құрманғазы ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылдың 28 наурызында № 3806 болып тіркелген, 2017 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Н.Калиев) жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Бектемиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады