Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 46/384-V "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 33/357-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 4861 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 46/384-V "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3551 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н. Әшіров
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады