Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 13 маусымдағы № 209 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 29 маусымда № 4655 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 29.04.2021 № 141 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Созақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Әлмағанбет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Оңтүстік Қазақстан облысының

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________________Н.М.Байғұт

      "13" маусым 2018 жыл

  Созақ ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "13" маусымдағы
№ 209 қаулысымен бекітілген

Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Қ/с

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Автомобиль жолдарының мекен жайы, шақырым

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

2

3

4

5

1

КХSZ-1

КХ-56-"Байқадам-Шолаққорған"-Қызылкөл

0-1,0

1,0

2

КХSZ-2

КХ-56-"Байқадам-Шолаққорған"-Құмкент

0-1,0

1,0

3

КХSZ-3

Шолаққорған-Балдысу

0-14,0

14,0

4

КХSZ-4

Балдысу-Қарабұлақ

0-5,0

5,0

5

КХSZ-5

КХ-2-"Созақ-Шолаққорған"-Абай

0-10,0

10,0

6

КХSZ-6

КХ-2"Созақ-Шолаққорған"-Сызған

0-2,7

2,7

7

КХSZ-7

КХ-2-"Созақ-Шолаққорған"-Басбұлақ

0-1,7

1,7

8

КХSZ-8

КХ-2-"Созақ-Шолаққорған"-Созақ

0-2,0

2,0

9

КХSZ-9

КХ-57-"Созақ-Қарақұр"-Шаға

0-1,0

1,0

10

КХSZ-10

КХ-57-"Созақ-Бақырлы"-Раңата

0-3,0

3,0

11

КХSZ-11

КХ-57-"Созақ-Бақырлы"- Саржаз

0-1,5

1,5

12

КХSZ-12

КХ-57-"Созақ-Бақырлы"-Ақсүмбе

0-11

11

13

КХSZ-13

Бақырлы-Тайқоңыр

0-2,0

2,0

14

КХSZ-14

КХ-2-"Шолаққорған-Шаян"-Аққолтық

0-3,0

3,0

15

КХSZ-15

КХ-57-"Созақ-Қарақұр" -Көктөбе

0-1,1

1,1

16

КХSZ-16

КХ-2-"Созақ-Тасты" -Қылти

0-0,8

0,8

17

КХSZ-17

КХ-2-"Шымкент-Түркістан" айналма автомобиль жолы Шолаққорған ауылы

0-4,386

4,3

18

КХSZ-18

КХ-2-"Түркістан-Созақ" айналма автомобиль жолы Шолаққорған ауылы

0-7,1

7,1

19

КХSZ-19

Жуантөбе елді мекеніне кіреберіс жол

0-2,1

2,1

20

КХSZ-20

Тасты елді мекеніне кіреберіс жол

0-3,7

3,7

21

КХSZ-21

Шу елді мекеніне кіреберіс жол

0-1,4

1,4

Созақ ауданының аудандық маңызы бар жолдары бойынша барлығы:

79,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады