"Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 26/9-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 наурызда № 5518 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 56/3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 03.06.2020 № 56/3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қоса беріліп отырған "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Ахметжанов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Светаш

  Өскемен қалалық мәслихатының
2018 жылғы 14 ақпандағы
26/9 - VI шешімімен бекітілді

"Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4 тармағына сәйкес әзірленді және "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне (бұдан әрі – қызметшілер) қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Аппарат) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің атқаратын лауазымын растайтын құжат болып табылады.

      3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік қызметшілерге Өскемен қалалық мәслихаты хатшысының қолы қойылып беріледі.

      5. Қызметтік куәліктер қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, және де бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайда Өскемен қалалық мәслихаты шақырылымының кезеңіне беріледі.

      Қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аппараттың қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      6. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде Аппараттың басшысына тапсырған қызметтік куәліктері оларды жойғанға дейін және есепке алу журналы Аппарат басшысының сейфінде сақталады.

      7. Қызметшілер жұмыстан босатылғанда, лауазымдарын ауыстырғанда сәйкес өкім шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде қызметтік куәліктерін алған жерлеріне тапсырады.

      8. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктері Аппарат басшысымен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес куәлікті тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

      9. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі дереу Аппарат басшысын жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды және жоғалған қызметтік куәліктің жарамсыздығы туралы хабарландыруды тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарилауға жолдайды.

      10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің немесе қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша Аппарат басшысы белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

      11. Қызметкердің кінәсінен жоғалған немесе бүлінген қызметтік куәлік өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.

      12. Аппарат басшысы жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

3. Қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      13. Куәлік мұқабасының көлемі 20 см х 6,5 см (ашып көрсетілген күйінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.

      14. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес үлгіде "Куәлік" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      15. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде қызыл түсті "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты", "Аппарат Усть-Каменогорского городского маслихата", одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "Қазақстан Республикасы", "Республика Казахстан" деген жазулар орналастырылған, төменгі жағында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлгіде куәліктің нөмірі, қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      16. Сол жағында: көлемі 3 см х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), Өскемен қалалық мәслихаты хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрімен расталған осы қызметтік куәлік сипаттамасының 15-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдегі мәтін.

      17. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 см х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және осы қызметтік куәлік сипаттамасының 15-тармағына сәйкес орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

  "Өскемен қалалық
мәслихатының
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің
қызметтік куәлігін беру
қағидаларына
және оның сипаттамасына
1-қосымша

"Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беруді және қайтаруды есепке алу журналы

  №

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Жарамдылық мерзімі

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы жоғалуы) туралы белгі

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні) туралы белгі










      Ескертпе: қызметтік куәлік беру және қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп, "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының қолымен және елтаңбалы мөрімен расталады.

  "Өскемен қалалық
мәслихатының
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің
қызметтік куәлігін беру
қағидаларына және оның
сипаттамасына 2-қосымша

Ұйымның атауы

  Акт №____

     


      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметші, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларының және оның сипаттамасының 8 тармағының негізінде_________________________________________________ байланысты

  (себебін көрсету)

      қызметшілердің қызметтік куәліктерін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.

      ___________________________________ ______________________ ______

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымының атауы қолы

      ___________________________________ ______________________ ______

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымының атауы қолы

      ___________________________________ ______________________ ______

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымының атауы қолы

  "Өскемен қалалық
мәслихатының
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің
қызметтік куәлігін беру
қағидаларына және оның
сипаттамасына 3-қосымша

Куәлік мұқабасы




  "Өскемен қалалық
мәслихатының
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің
қызметтік куәлігін беру
қағидаларына және оның
сипаттамасына 4-қосымша

Куәліктің ішкі бөлігі

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады