Аягөз ауданының Аягөз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 наурызда № 5561 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің 03.03.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 1 бабы 62 тармақшасы және 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сынаптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2018 жылғы 11 наурыздағы № 2 хаттамасы негізінде, Аягөз ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Аягөз ауданының Аягөз қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. "Аягөз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Аягөз ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Аягөз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Б. Нукибаевқа жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Байахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады