Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылы Гагарин көшесі бойынша № 109, № 111, № 115, № 138, № 142, № 144, № 146, № 150 үйлеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 ақпанда № 5474 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің 27.02.2018 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 – 1 бабының 7 – тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 23 қазандағы № 606 ұсынысы негізінде, Новопокровка ауылының әкімі ШЕШТІ:

      1. Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылы Гагарин көшесі бойынша № 109, № 111, № 115, № 138, № 142, № 144, № 146, № 150 үйлерінде ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері, етқоректілер (ит және мысық) арасында құтырудың вирустық ауруына қарсы ошақты жою және ветеринарлық-санитарлық іс-шараларын өткізу үшін шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Новопокровка ауылдық
округінің әкімі
И. Бельская

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады