Күршім ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 22/10-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 18 мамырда № 5-14-163 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509 - бабының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      2. Тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жататын автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлінген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай базалық мөлшерлемелердің мөлшерi 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Күршім ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген басқа санаттағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін қолдануға жақын жатқан елдi мекен болып Күршім ауылы айқындалсын.

      4. Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-8 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін белінген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық ставкасын ұлғайту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3348 нөмірімен болып тіркелген, 2014 жылғы 11 маусымдағы "Рауан-Заря" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Құмарова
      Күршім аудандық мәслихаттың хатшысы М. Сағанақов

  Күршім аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 25 сәуірдегі
№ 22/10-VI шешіміне
1 қосымша

Күршім ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердін) түріне қарай автотұрақтардың (паркингтердін) санаттары

Р/с

Автотұрақтардың (паркингтердін) түрлері

Санаты

1      

2

3

1

Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар

1 санат

2

Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың ішінде салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар

3 санат

  Күршім аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 25 сәуірдегі
№ 22/10-VI шешіміне
2 қосымша

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салынатын салық мөлшерлемелерін автотұрақтардың (паркингтердін) санаттарына қарай көбейту туралы

Р/с №

Автотұрақтардың (паркингтердін) санаттары

Салық мөлшерлемелерін көбейту мөлшері

1     

2

3

1

1 санат

10 есе

2

2 санат

9 есе

3

3 санат

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады