Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің "Манақ" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 19 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 5-16-158 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 18 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 07.10.2019 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 19 қарашадағы № 667 ұсынысы негізінде, Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің "Манақ" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Екпін ауылдық округінің әкімі Б. Сербатыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады