Шемонаиха қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 408 шешімі және Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 32/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 9 қаңтарда № 5-19-202 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шемонаиха қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 26 қарашадағы Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шемонаиха қаласының келесі көшелері:

      1) Советская көшесі Анатолий Иванов атындағы көше;

      2) Урицкий көшесі Серікқазы Бекбосынов атындағы көше;

      3) Чапаев көшесі Александр Капорин атындағы көше болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Горьковой
      Сессия төрағасы В. Геберт
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Боровикова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады