Бөкей ордасы ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 57 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 сәуірде № 5185 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 21.05.2019 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақының мөлшері бекітілсін.

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 120 "Бөкей ордасы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4887 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының бас маманы (Н.Бисекенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Р.Зұлқашев

  2018 жылғы 11 сәуірдегі № 57
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін (көп емес)

3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

Бөбекжай (жергілікті бюджет)

1

Сайқын ауылы

"Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының "Ер Төстік" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны




290




19511

5800

6000

2

Хан Ордасы ауылы

"Орда ауылдық округі әкімі аппаратының "Ақбота" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

115

22446

5300

5500

3

Бисен ауылы

"Бисен ауылдық округі әкімі аппаратының "Салтанат" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

90

23966

5800

6000

4

Бөрлі ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Балдаурен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

33728

4800

5000

Мектеп - балабақша (жергілікті бюджет)

5

Ұялы ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

20850

3800

4000

6

Мұратсай ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

20850

4800

5000

7

Саралжын ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

20850

3800

4000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады