Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі Қызылоба ауылы және Бозоба, Парфель қыстақтары аумағында шектеу іс – шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 5091 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 01-19/32 ұсынысы негізінде Қызылоба ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің Қызылоба ауылы және Бозоба, Парфель қыстақтары аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 4 "Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің Қызылоба ауылы және Бозоба, Парфель қыстақтары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3884 тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Н.С.Бердигалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады