Зеленов ауданы Переметный ауылдық округі Переметный ауылындағы көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 қаңтарда № 5051 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы ??Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы??, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы **Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы** Заңдарына сәйкес, Переметный ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Переметный ауылдық округі Переметный ауылындағы "им.50-летия Победы" көшесін "Жеңіс" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Ф.Мухтарова) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Переметный ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы

А.Джумакулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады