Зеленов ауданы Щапов ауылдық округінің Жаңатан ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Щапов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 наурызда № 5075 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылдың 20 желтоқсандағы № 1-24-954 ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Щапов ауылдық округінің Жаңатан ауылы аумағында ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Щапов ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 11 қыркүйектегі № 37 " Зеленов ауданы Щапов ауылдық округінің Жаңатан ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4898 болып тіркелген, 2017 жылдың 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Щапов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Т.Нурбаиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Щапов ауылдық округінің әкімі А.Ә.Әбжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады