Теректі ауданы Подстепное ауылдық округінің Подстепное, Юбилейное ауылдарының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және Подстепное ауылының кейбір көшелеріне қайта атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепное ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 55 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қарашада № 5389 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Подстепное, Юбилейное ауылдарының халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық онамастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Подстепное ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы Подстепное ауылдық округінің Подстепное және Юбилейное ауылдарының кейбір құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Подстепное ауылы бойынша:

      1 шағын ауданы - "Көктерек" шағын ауданы;

      2 шағын ауданы - "Болашақ" шағын ауданы;

      3 шағын ауданы - "Береке" шағын ауданы;

      4 шағын ауданы - "Көркем" шағын ауданы;

      5 шағын ауданы - "Бірлік" шағын ауданы;

      6 шағын ауданы - "Белес" шағын ауданы;

      "ТЖЖ-3/1" шағын ауданы - "Керемет" шағын ауданы;

      "ТЖЖ-3/3" шағын ауданы - "Отырар" шағын ауданы;

      "ТЖЖ-3/4" шағын ауданы - "Сайрам" шағын ауданы;

      "№48" жобалық көшесі - "Төле би" көшесі;

      "№49" жобалық көшесі - "Әйтеке би" көшесі;

      "№50" жобалық көшесі - "Қазыбек би" көшесі;

      "№17" жобалық көшесі - "Абылай хан" көшесі;

      "№20" жобалық көшесі - "Бауыржан Момышұлы" көшесі;

      "№24" жобалық көшесі - "Атамұра" көшесі;

      "№14" жобалық көшесі - "Игілік" көшесі;

      "№44" жобалық көшесі - "Шапағат" көшесі;

      "№45" жобалық көшесі - "Тәуелсіздік" көшесі.

      2) Юбилейное ауылы бойынша:

      "№1 К" жобалық көшесі - "Жәңгір хан" көшесі;

      "№2 К" жобалық көшесі - "Тәуелсіздік" көшесі;

      "№3 К" жобалық көшесі - "Достық" көшесі;

      "№5 К" жобалық көшесі - "Алтын Орда" көшесі;

      Жаңа ТЖЖ аумағындағы бірінші көшесі - "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;

      Жаңа ТЖЖ аумағындағы екінші көшесі - "Ахмет Байтұрсынов" көшесі;

      Жаңа ТЖЖ аумағындағы үшінші көшесі - "Қасым Қайсенов" көшесі;

      Жаңа ТЖЖ аумағындағы төртінші көшесі - "Мұстафа Шоқай" көшесі;

      Жаңа ТЖЖ аумағындағы бесінші көшесі - "Шәмші Қалдаяқов" көшесі;

      Жаңа ТЖЖ аумағындағы алтыншы көшесі - "Қадыр Мырза Әлі" көшесі.

      2. Теректі ауданы Подстепное ауылдық округінің Подстепное ауылының кейбір көше атаулары:

      "Полевая" көшесі - "Әбубәкір Кердері" көшесі;

      "Степная" көшесі - "Астана" көшесі;

      "Степная" көшесі - "Атамекен" көшесі;

      "Степная" көшесі - "Мейрам" көшесі;

      "Мира" көшесі - "Жеңіс" көшесі;

      "Комсомольская" көшесі - "Аманат" көшесі деп қайта аталсын.

      3. Подстепное ауылдық округі әкімінің орынбасары (С.Жолдыгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Подстепное ауылдық округі әкімі С.Мадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады