Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 қазанда № 5346 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылдың 7 тамыздағы № 01-18/595 ұсынысы негізінде Лубен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округінің Оңтүстік-Шығыс бағыттағы бөлігіндегі мүйізді ірі - қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5143 тіркелген, 2018 жылдың 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Лубен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ю.Б.Бокаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Лубен ауылдық округінің әкімі М.Ж.Сатыбалдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады