Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 наурызда № 18441 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-12 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметтік куәлігін беру қағидаларын айқындайды.

      2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің, ведомстволық бағынысты ұйым басшысының қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) олардың лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қызметтік куәлік Министрлік бекіткен сипаттамаға сәйкес келеді.

      4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз деп есептеледі.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру қағидалары

      5. Қызметтік куәлік Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына, Комитеттердің төрағаларына, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қолы қойылып беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұрын берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген жағдайда беріледі.

      Жұмысқа алғаш қабылданған адамдар жаңа қызметтік куәлікті ресімдеу және алу үшін өздерінің 3 х 4 см көлемдегі түрлі-түсті фотосуретін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Персоналды басқару департаментіне (бұдан әрі – ПБД) тапсырады, фотосурет қызметтік куәлікке жапсырылады.

      Қызметкерлер қызметтік куәлікті алу кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысына қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына (бұдан әрі - есепке алу журналы) қол қояды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы ПБД сейфінде сақталады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Қызметтік куәлікті тапсырған кезде ПБД оны пайдалану және сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті беруге жауапты ПБД қызметкерлері қайтарып алады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ПБД жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметтік куәліктерді есепке алу деректерінің сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды ПБД қызметкерлері жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі ПБД-ні дереу жазбаша нысанда (еркін түрде) хабардар етеді, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе орынсыз пайдаланудың әрбір фактісі бойынша қызметтік тергеп-тексеру туралы бұйрық шыққанға дейін он жұмыс күні ішінде ПБД қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Министрліктің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы ПБД-ні хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін ПБД береді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті ПБД-ге тапсырады. Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, жылына бір рет жойылуға жатады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің қызметтік
куәлігін беру қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысына қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

қызметтік куәліктің нөмірі р/с №

Берілген күні

Кімге берілді Т.А.Ә. (бар болса)

Жұмыс орны және лауазымы

Қызметкердің алғаны жөнінде жеке қолы

Тапсырғаны туралы белгі

Жою туралы белгі









      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысына қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және Персоналды басқару департаменті қызметкерінің қолымен және мөрімен расталады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-12 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19,5 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көгілдір түсті жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында көгілдір түсті қорғаныштық тангир орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі бейнеленген. Жоғарғы жақ бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ", "МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазулар, одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналастырылған.

      4. Сол жағында: көлемі 3,5 х 4,5 см фотосурет (анфас түсірілген, түрлі-түсті), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қолымен және елтаңбасы бар мөрмен расталған қазақ тілінде қызметтік куәліктің нөмірі, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы жазылады.

      5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу, орыс тілінде қызметтік куәліктің нөмірі, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы жазылады. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады