Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 18490 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, 141-бабының 4-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.

      2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 22 бұйрығына
№ 1 қосымша

Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 28.11.2022 № 94 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 6-тармағына, сондай-ақ "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және жарнама қызметі саласындағы бақылау субъектілерін іріктеуге және оларды жарнама қызметі саласындағы уәкілетті орган бақылау жүргізу кезінде тәуекел дәрежесіне жатқызуға арналған.

      2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – қызметіне Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалар; өлшемі;

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық

      3) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпыға ортақ шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      4) елеулі бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарының жарнамасына тыйым салудың сақталуына қатысты Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;

      5) елеусіз бұзушылықтар – сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін орналастыру мерзімі өткен соң оны бұзуға қатысты Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;

      6) өрескел бұзушылықтар – қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін хабарландырудың болмауына және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық артықшылыққа, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуіне, порнографияға насихаттауға немесе үгiттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi таратуға қатысты әкімшілік жауаптылыққа алып келетін Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;

      7) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, оның ықтималдығы;

      8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесін қамтамасыз ету мақсатында, бұл ретте тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кейін талаптарға сәйкестігіне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексерулерді жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың басталу ықтималдығын төмендетуге бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) осындай бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) тексеруден босатуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау процесі;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және тікелей жеке бақылау субъектісіне тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктері мен осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) әртүрлі тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығы;

      11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келеді талаптар тізбесі;

      13) іріктемелі жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітіледі және Кодекстің 141-бабының 5, 6-тармақтарына сәйкес реттеуші мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында орналастырылады.

      Мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау және тәуекелдерді басқару өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілері олар бекітілгенге дейін тәуекелдерді бағалау мен басқару жүйелерін автоматтандырудың техникалық мүмкіндігі және тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі – ақпараттық жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге жатады.

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның келісу мерзімі жоба келісуге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

2-тарау. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) талаптарға сәйкестігі тұғысынан тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылауды және талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісі (объектісі) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежесі) жатады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жүргізілетін талдаудың және субъективті өлшемшарттар бойынша алынған мәліметтерді бағалаудың нәтижелері бойынша, бірақ жылына екі реттен жиі емес анықталады.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексерулер жүргізудің еселігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында, бірақ жылына бір реттен жиі емес айқындалады.

      Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің еселігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында, бірақ жылына бір реттен жиі емес айқындалады.

      5. Бақылау субъектісін (объектісін) профилактикалық бақылауды жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      6. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарі объективті және субъективті өлшемшарттарді айқындау арқылы қалыптастырылады.

      7. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді анықтау арқылы жүзеге асырылады.

      8. Тәуекелді айқындау мынадай өлшемшарттардың бірін:

      1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;

      2) реттелетін салаға (аяға) түсетін ықтимал теріс салдардың, зиянның ауырлық ауқымы;

      3) адамның өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның басталу мүмкіндігі ескеріле отырып, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын саланың ерекшелігіне байланысты жүзеге асырылады.

      9. Ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін бақылау субъектілері (объектілері) екі тәуекел дәрежесі (жоғары және орташа) бойынша бөлінеді.

      жоғары тәуекел дәрежесіне - жарнама таратушылар жатады;

      орташа тәуекел дәрежесіне - жарнама өндірушілер, жарнама берушілер жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдері қолданыла отырып, жүзеге асырылады.

      11. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Бару арқылы профилактикалық бақылаудың тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      1) алдыңғы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      3) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар) пайдаланылады.

      Талаптарға сәйкестікке тексерулер жүргізу кезінде дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері;

      2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      3) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжаттар (ұсынымдар) пайдаланылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде реттеуші мемлекеттік органдар Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес бағалануы тиіс субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ықтимал тәуекелге және проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың бір рет болуына немесе жүйелілігіне, бұрын әрбір ақпарат көзі бойынша қабылданған шешімдерді талдауға байланысты реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылық дәрежесіне сәйкес келетін – субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      Бұл ретте өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылықтардың анықтамалары тиісті мемлекеттік бақылау саласының ерекшелігі ескеріле отырып, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

      Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) белгіленген өрескел, елеулі, елеусіз бұзушылықтар анықтамаларына сәйкес беріледі.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі.

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100-ге дейінгі балл диапазонына қалыпқа келтірумен, алдыңғы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және тексерулер нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SP) және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) жинақтау арқылы автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал. = SP + SC, мұндағы:

      Rарал. – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші;

      ЅР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Өлшемшарттардың 9-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есептеу мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобын бақылаудың әрбір субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі кейіннен деректерді қалыпқа келтіру үшін іріктемелі жиынтық (іріктеме) құрайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-1. Алдыңғы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және тексерулер нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 11-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 балға теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындаған кезде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұндағы:

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      ЅР1 – елеулі бұзушылықтардың қажетті саны;

      ЅР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны;

      Елеусіз бұзушылықтар көрсеткішін айқындаған кезде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      ЅРн = (ЅР2 х 100 / ЅР1) х 0,3, мұндағы:

      ЅРн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;

      ЅР1– елеусіз бұзушылықтардың қажетті саны;

      ЅР2 – анықталған елеусіз бұзушылықтар саны;

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтар көрсеткіштерін жинақтау жолымен айқындалады:

      ЅР = ЅРз + ЅРн, мұндағы:

      ЅР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      ЅРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      ЅРн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      Ескерту. Өлшемшарттар 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-2. Осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші;

      wi – xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы;

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      Ескерту. Өлшемшарттар 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-3. Субъектілер (объектілер) бойынша есептелген R көрсеткіші бойынша мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула пайдаланыла отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылаудың жекелеген субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша мүмкін болатын ең жоғары ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал. – осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      Ескерту. Өлшемшарттар 14-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Тексеру парақтары

      15. Тексеру парақтары бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды және Кодекстің 143-бабында айқындалған шарттарды сақтай отырып жасалады.

      16. Тексеру парақтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

  Қазақстан Республикасының
жарнама және жарнама
қызметі туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

      Ескерту. Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары


п/п

Өлшемшарттар

Бұзушылықтар дәрежесі

1. Бақылау субъектісіне барып алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері

 
1

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарламаның болмауы

өрескел

2

Жарнамада Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгiттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi таратуды пайдаланбау жөніндегі талаптарды сақтамау

өрескел

3

Сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыру туралы тыйымды сақтамау

өрескел

4

Жарнаманы тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген жобалау құжаттамасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйде (тұрғын ғимараттың) орналастыруға тыйым салуды сақтамау

өрескел

5

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірілуіне және сатылуына тыйым салынған тауарлардың (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамасын орналастыру жөніндегі талаптарды сақтамау

өрескел

6

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарының жарнамасына тыйым салуды сақтамау

елеулі

7

Электрондық казино мен интернет-казиноның жарнамасын тыйым салуды сақтамау

елеулі

8

Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасында бағаны (тарифтерді, бағалауларды, мөлшерлемелерді) теңгемен көрсету талабының болмауы

елеулі

9

Сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін шартта белгіленген орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін бұзу жөніндегі талаптарды сақтамау

болмашы

2. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы

елеулі

2

Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

өрескел

3. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

1

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымдарды орындау жөнінде ақпараттарды ұсынбау

өрескел

  Қазақстан Республикасының
жарнама туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

Жарнама берушіге, жарнама таратушыға, жарнама өндірушіге қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      Ескерту. Өлшемшарттар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.05.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарт / мән

2-шарт / мән

1

2

3

4

5

6

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру туралы хабарламаның болмауы

алдыңғы бару арқылы профилактикалық тексерулер мен бақылау нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны; профилактикалық бақылау нәтижелері, профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар, анықтама, қорытынды, ұсынымдар.

100

0

1 +

0%

100%

2

Жүргізілген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымдарды орындау бойынша ақпарат ұсынбау

алдыңғы бару арқылы профилактикалық тексерулер мен бақылау нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны; профилактикалық бақылау нәтижелері, профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар, анықтама, қорытынды, ұсынымдар.

100

0

1+

0%

100%

Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

Сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру туралы хабарламаның болмауы

алдыңғы бару арқылы профилактикалық тексерулер мен бақылау нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны; профилактикалық бақылау нәтижелері, профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар, анықтама, қорытынды, ұсынымдар.

100

0

1+

0%

100%

2

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымдарды орындау бойынша ақпарат ұсынбау

алдыңғы бару арқылы профилактикалық тексерулер мен бақылау нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны; профилактикалық бақылау нәтижелері, профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар, анықтама, қорытынды, ұсынымдар.

100

0

1 +

0%

100%

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 22 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына Тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 28.11.2022 № 94 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес жарнама берушi, жарнама таратушы, жарнама жасаушы
_______________________________________________________________________
__________________________________ _____________________________ қатысты
субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеруді/профилактикалық бақылауды
тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) барып тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт __________________________________________________
_______________________________________________________________________
№, күні Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________
_______________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес- сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________
________________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс орналастыру туралы хабарламаның болуы



2

Жарнамада конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, порнографияны насихаттауды немесе үгіттеуді пайдаланбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын және заңмен қорғалатын өзге де мәліметтерді тарату жөніндегі талаптарды сақтау



3

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы тарих және мәдениет ескерткіштерінде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында) және оларға бөлінген аумақта және олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыру туралы тыйымның сақталуы



4

Бекітілген жобалық құжаттамада тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасын орналастыруға тыйым салуды сақтау



5

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіруге және өткізуге тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын орналастыру жөніндегі талаптарды сақтау



6

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын жарнамалауға тыйым салуды сақтау



7

Электрондық казино мен интернет-казино жарнамасына тыйым салуды сақтау



8

Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасында талаптың болуы, бағаны (тарифтерді, бағаларды, мөлшерлемелерді) теңгемен көрсету



9

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін шартта белгіленген орналастыру мерзімі өткеннен кейін оны бұзу жөніндегі талапты сақтау



      Лауазымды адам (-дар) _________________________________ ____________

      лауазымы қолы

      __________________________________________________________ __________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________________ ___________

      лауазымы қолы

      ___________________________________________________________ _________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады