Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 18558 болып тіркелді.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 18 сәуірдегі
№ 26 бұйрығымен
бекітілген

Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін транзиттеу және экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласында:

      мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет;

      бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет;

      мұнайды магистральдық құбыр жүйесі арқылы қайта айдау;

      мұнайды теміржол цистерналарынан құйып алу;

      мұнайды теміржол цистерналарына құю;

      мұнайды танкерлерге құю;

      мұнайды автоцистерналардан құйып алу;

      мұнайды автоцистерналарға құю;

      мұнайды сақтау;

      мұнайды ауыстырып құю;

      мұнайды араластыру.

      2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласында:

      шикі немесе тауарлық газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау;

      тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау;

      тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау;

      сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбырлары арқылы тасымалдау;

      тауарлық газды сақтау.

      3. Электр энергиясын беру саласында:

      электр энергиясын беру;

      ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру және (немесе) ұлттық электр желісін пайдалану.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.07.2023 № 132 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:

      жылу энергиясын өндіру;

      жылу энергиясын беру және бөлу;

      жылу энергиясымен жабдықтау;

      жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу;

      жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау.

      5. Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласында:

      электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру.

      6. Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласында:

      электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру.

      7. Контейнерлермен жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілері саласында:

      жүктерді контейнерлермен тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желісін пайдалануға беру;

      жүктерді контейнерлермен тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру;

      жүктерді контейнерлермен тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру.

      8. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін ұсыну саласында:

      бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдарды пайдалануға беру.

      9. Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласында:

      бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру;

      бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру.

      10. Порттар саласында:

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында мұнайды және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуді қоспағанда, кейіннен порттан шығып танкерге/танкерден құбырлар арқылы оларды ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) көрсетілетін қызметтер.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.12.2020 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында:

      сумен жабдықтау қызметтері:

      суды магистральдық құбырлар арқылы беру;

      суды таратушы желілер арқылы беру;

      суды арналар арқылы беру;

      гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу;

      су бұру қызметтері:

      сарқынды суларды бұру;

      сарқынды суларды тазарту.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады