Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 880 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 қазанда № 19471 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істері министрлігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1101 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12759 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайытбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.М. Сайытбеков) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 10 қазандағы
№ 880 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін (бұдан әрі – қызметшілер) аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қызметшілерді аттестаттау олардың кәсіби және біліктілік даярлығын, іскерлік қасиеттерін айқындау, біліктілік санаттарын (разрядтарды) белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарты қызметшілердің, оларға жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.

      4. Жүкті әйелдер мен осы лауазымға орналасқан күнінен бастап алты айдан аз жұмыс істеген қызметшілерді қоспағанда, қызметшілер аттестаттауға жатады.

      5. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбір келесі үш жыл өткен соң, бірақ осы лауазымға орналасқан күнінен бастап алты айдан ерте емес аттестаттаудан өтеді.

      Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.

      6. Жалақысы сақталмайтын демалыстағы, жүктілігі мен бала тууына байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан ерте емес аттестатталады.

      Қызметшілердің өтініші бойынша кезекті санат беру үшін аттестаттау көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін өткізіледі.

      7. Аттестаттау бірқатар жүйелі кезеңдерді:

      1) аттестаттаудан өткізуге дайындық;

      2) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметшілерімен әңгімелесуді;

      3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруын қамтиды.

2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары

      8. Аттестаттауды өткізуді аттестаттайтын органның кадр қызметі оның басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырады және ол мынадай іс-шараларды:

      1) аттестатталушыларға қажетті құжаттарды дайындауды;

      2) аттестаттауды өткізу кестелерін әзірлеуді;

      3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындауды;

      4) аттестаттауды өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды қамтиды.

      9. Кадр қызметі осы Қағидалардың 5-6 тармағына сәйкес аттестатталуға жататын қызметшілерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.

      10. Ұйым басшысы кадр қызметінің ұсынымы бойынша аттестатталатын адамдардың тізімі, аттестаттауды өткізу кестесі мен аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілетін бұйрық шығарады.

      11. Кадр қызметі аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей қызметшілерді жазбаша түрде хабардар етеді.

      12. Аттестаттауға жататын қызметшілердің тікелей басшысы қызметтік мінездемені ресімдейді және оны аттестаттау комиссиясының отырысына дейін төрт аптадан кешіктірмей кадр қызметіне жолдайды.

      13. Қызметтік мінездеме аттестатталатын адамның кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік жұмысы нәтижелерінің негізделген, объективті бағасын көздейді.

      14. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш аптадан кешіктірмейтін мерзімде қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.

      15. Аттестатталатын адам оған берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда өзінің келіспегендігі туралы кадр қызметіне жазбаша түрде мәлімдеме жасайды.

      Кадр қызметі аттестатталатын адамның келіспеу-хатын қызметтік мінездемеге қосымша ретінде тіркейді.

      16. Аттестаттауға жататын қызметшісіне аттестаттау парағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      17. Аттестаттауға жататын қызметшінің бағалау парағы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      18. Аттестаттау комиссиясы кадр қызметінің ұсынымы бойынша ішкі істер органдарының бөлінісі басшысының бұйрығымен құрылады және ол комиссия мүшелері мен хатшысынан тұрады. Аттестаттау комиссиясының мүшелері қатарынан төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, қызметіне жалпы бақылауды және ол қабылдайтын шешімдерді жүзеге асырады.

      19. Аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелді себептермен болмаған аттестатталушы адам жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.

      Аттестатталатын адам дәлелді себептерсіз аттестаттауға келмеген жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы Ереженің 21-тармағының 3) тармақшасында көзделген шешім қабылдайды.

      20. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды.

      21. Ұсынылған материалдарды зерделеу және қызметшімен әңгімелесу нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) қайта аттестаттауға жатады;

      3) атқаратын лауазымына сәйкес емес.

      Аттестаттау комиссиясының шешімі еңбек шартын ұзарту немесе оны бұзу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

      22. Комиссия оң шешім шығарған кезде қызметшінің тиісті біліктілік санатын (разрядын) белгілейді (растайды) не оны белгілеуге негіздердің болмауы туралы.

      23. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс берумен қабылданады. Аттестаттау комиссиясының құрамына кіретін қызметшіге қатысты шешім қабылдау кезінде дауыс беру оның қатысуынсыз өтеді.

      24. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауға ұсынған қызметшілер бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан ерте емес осы Қағидаларда айқындалған тәртіпте қайта аттестаттаудан өтуге жатады. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.

      Қызметші атқаратын лауазымына сәйкес болған кезде комиссия осы Қағидалардың 22-тармағын ескере отырып, шешім шығарады.

      25. Аттестаттау комиссиясының шешімдері оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      26. Аттестаттау нәтижелері хаттамаға (еркін нысанда) қол қойғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде аттестатталатын адамға қолын қойдырып, аттестаттау парағының бір данасын бере отырып хабарланады.

      27. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестаттау парақтарына енгізіледі.

      28. Аттестаттаудан өткен қызметшінің аттестаттау парағы және оның қызметтік мінездемесі жеке ісінде сақталады. Басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының шешімі қызметшінің қызметтік тізіміне енгізіледі.

3-тарау. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану

      29. Қызметшілер Аттестаттау комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

      30. Осы Қағидалардың талаптарын бұзушылық анықталған жағдайларда, Ішкі істер органдарының жоғары тұрған бөлімшенің басшысы бұйрықтың күшін жояды және қайта аттестаттауды тағайындайды. Қайта аттестаттау Қағидалардың 24-тармағына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдары азаматтық
қызметшілерін аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен
шарттарына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аттестаттауға жататын қызметшілерінің аттестаттау парағы

      Аттестаттау түрі: кезекті -

; қайта -


      (керектісін Х белгісімен белгілеу керек)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________

      2. Туған күні ____ж. "___"___________

      3. Білімі туралы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәліметтер (қашан және қандай

      оқу орнын бітірген, білімі бойынша мамандығы мен біліктілігі, біліктілігін арттыру, қайта

      даярлау туралы құжаттар, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, берілген күні)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік санаты (разряды) _____________

      ________________________________________________________________________________

      5. Жалпы еңбек өтілі – ________________________________________

      6. Атқаратын лауазымдағы жалпы жұмыс өтілі _____________

      7. Аттестаттау комиссиясының мүшелері айтқан ескертулер мен ұсыныстар:

      __________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Аттестатталушының пікірі ____________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Аттестатталушының қызметтік мінездемесіне сәйкес тікелей басшының азаматтық

      қызметшінің қызметін бағалауы _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесі қатысты.

      11. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі толтыратын қоса берілген бағалау парағына

      сәйкес дауыс беру нәтижелері бойынша азаматтық қызметшінің қызметін бағалау:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) __________;

      2) қайта аттестатталуға жатады (дауыс саны) ______________________;

      3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) ______________.

      12. Біліктілік санаты (разряды):

      1) ________________ (жазумен) біліктілік санатына (разрядына)

      сәйкес келеді_______________ (дауыс саны) ___________________________

      (әрбір біліктілік санаты (разряды) бойынша жеке)

      2) біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіздер жоқ (дауыс саны)

      _________________________________________________________

      Қорытынды бағалау _____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (біліктілік санатының (разрядының) сандық белгісі жазумен көрсетіледі)

      13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар берілетін дәлелдемелерді көрсете

      отырып)_______________________________________

      ____________________________________________________________________

      14. Ескертпелер ________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ___________________________

      (қолы)

      ___________________________

      (қолы)

      ___________________________

      (қолы)

      ___________________________

      (қолы)

      Аттестаттау өткізілген күн 20___жылғы "___" __________

      Басшының аттестаттау қорытындылары бойынша шешімі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________

      (қызметкердің қолы және күні)

      Ұйымның мөрі үшін орын

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдары азаматтық
қызметшілерін аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен
шарттарына
2-қосымша
  Нысан

Ішкі істер органдарының аттестатталуға жататын қызметшісін бағалау парағы
(аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)


      Аттестаттау түрі: кезекті -

; қайта -


      (керектісін Х белгісімен белгілеу керек)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Лауазымы ___________________________________________________

      Аттестатталушының бағасы ______________________________________

      (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      Аттестаттау комиссиясы мүшесінің шешімі (төменде сыналмаланғандардың бірі: атқаратын

      лауазымына сәйкес келеді; қайта аттестатталуға жатады; атқаратын лауазымына сәйкес емес):

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының мүшесі шешімінің негіздемесі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Біліктілік санатына (разрядына) сәйкес келеді _________________

      Біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіз жоқ ___________________

      ____________________________________________________________________

      Негіздеме: ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының мүшесі ______________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________________

      (қолы)

      Күні 20___ жылғы "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады