Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 373/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 қаңтарда № 19869 болып тіркелді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 95/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15269 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Адами ресурстарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 373/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі

      Ескерту. Тізілімге өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 124/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Буын

Саты

Лауазымдардың атауы

"А" блогы – Басқарушы персонал

А1

1

РММ және РМҚК басшысы

1-1

РММ және РМҚК басшысының орынбасары

А2

1

РММ және РМҚК бас бухгалтері, РМҚК филиалының басшысы, РММ құрылымдық бөлімшесінің басшысы

1-1

РМҚК бас бухгалтерінің орынбасары;
РМҚК филиал басшысының орынбасары бас экономист

3

РМҚК филиалдарының (негізгі және қамтамасыз ету қызметтері) филиал басшысы

3-1

РМҚК және оның филиалдарының (негізгі және қамтамасыз ету қызметтері) сектор басшысы

А3

1

РМҚК және оның филиалдары (негізгі және қамтамасыз ету қызметтері) басқармасының басшысы, РМҚК өкілдіктер басшысы

1-1

РМҚК және оның филиалдары (негізгі және қамтамасыз ету қызметтері) басқармасы басшысының орынбасары;
РМҚК (негізгі және қамтамасыз ету қызметтері) бөлімнің басшысы

"В" блогы (негізгі персонал)

В1

2

Бас сарапшы

3

Жетекші сарапшы

4

Кеңесші, сарапшы

"Денсаулық сақтау" саласы

В4

1

Фельдшер

Өзге де салаларда

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар:
РМҚК негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері, картограф, геодезист, аэрофотогеодезист, маркшейдер, карта редакторы, карта корректоры

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар:
РМҚК негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері, картограф, геодезист, аэрофотогеодезист, маркшейдер, карта редакторы, карта корректоры

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар:
РМҚК негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері, картограф, геодезист, аэрофотогеодезист, маркшейдер, карта редакторы, карта корректоры

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
РМҚК негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері, картограф, геодезист, аэрофотогеодезист, маркшейдер, карта редакторы, карта корректоры

В3

1

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты мамандар: картограф, геодезист, аэрофотогеодезист, маркшейдер, карта редакторы, карта корректоры, техник

2

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты мамандар: картограф, геодезист, аэрофотогеодезист, маркшейдер, карта редакторы, карта корректоры, техник

3

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты мамандар: картограф, геодезист, аэрофотогеодезист, маркшейдер, карта редакторы, карта корректоры, техник

4

Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: картограф, геодезист, аэрофотогеодезист, маркшейдер, карта редакторы, карта корректоры, техник

"C" блогы – Әкімшілік персонал

С1


Цех (меңгерушісі) басшысы
Басшының көмекшісі

С2


Мемлекеттік мекемеге әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы: кеңсе, қойма, гараж, шаруашылық, қазандық, учаске, мұрағат;
Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, кадрлар жөніндегі инспектор, механик, аудармашы, экономист, заң кеңесшісі, аударма жөніндегі редактор, тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор, бағдарламашы, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, инженер-бағдарламашы (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, мұрағатшы, геокамераның маманы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі маман, энергетик, учаске шебері, жүйелік әкімшілік ету жөніндегі инженер

С3


Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: бухгалтер, кадрлар жөніндегі инспектор, механик, аудармашы, экономист, заң кеңесшісі, бағдарламашы, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, инженер-бағдарламашы (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, мұрағатшы, геокамераның маманы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі маман, энергетик, учаске шебері, жүйелік әкімшілендіру жөніндегі инженер, қойма меңгерушісі

"D" блогы- Қосалқы персонал

D


Техникалық орындаушылар: басшы хатшысы, басшы орынбасарының хатшысы, курьер, мұрағатшы, іс-жүргізуші, күзетші, көшіру-көбейту техникасының операторы, қазандық операторы, компьютерлік техника операторы

      Аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      РММ – республикалық мемлекеттік мекеме

      РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады