Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қазандағы № А-10/271 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қазанда № 7423 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Ақкөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің және Азат ауылының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 6,8112 гектар "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскелерін алып қоймастан мерзімі үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.В. Курушинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Каиржанов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" қазандағы
№ А-10/271 қаулысына
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ақкөл ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi

Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар жалпы

Жер санаты

Оның ішінде:

егістік барлығы (гектар)

шабындық (гектар)

жайылым (гектар)

1

Азат ауылы әкімшілік шекарасы

2,3052

елді мекендердің жері

2,3052

-

-

2

Кеңес ауылдық округінің әкімшілік шекарасы

4,5060

елді мекендердің жері

4,5060

-

-

Барлығы

6,8112

-

6,8112

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады