Бұланды ауданы Никольск ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы Никольск ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 ақпанда № 7078 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Никольск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды ауданы Никольск ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Привокзальная көшесі Төле би көшесіне;

      2) Пролетарская көшесі Ақан сері көшесіне;

      3) МПС көшесі Достық көшесіне.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Никольск ауылдық округінің әкімі П.Ш. Кабдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады