Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № а-2/57 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 наурызда № 7099 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ерейментау ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін жалпы аумағы 21,1 гектар, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай мерзімі 10 (он) жылға қауымдық сервитут белгіленсін.

      Ескерту. 1 – тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 24.05.2019 № а-5/164 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ә.О.Айтпаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының
әкімі
В.Радченко

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "5" наурыздағы
№ а-2/57 қаулысына
қосымша

Қауымдық сервитут белгіленген талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ерейментау ауданында орналасқан жер учаскелері

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi

Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар жалпы

Жер санаты

Оның ішінде:

егістік барлығы (гектар)

шабындық (гектар)

жайылым (гектар)

1

Торғай ауылы

1,6

елді мекендердің жері



1,6

2

Төменгі Торғай ауылы

1,3

елді мекендердің жері



1,3

3

Торғай ауылдық округінің әкімшілік шекаралары

2,1

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер



2,1

4

Бестоғай ауылдық округінің әкімшілік шекаралары

10,2

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер



10,2

5

Байсары ауылы

3,3

елді мекендердің жері



3,3

6

Бестоғай ауылы

0,7

елді мекендердің жері



0,7

7

Сілеті ауылы

1,9

елді мекендердің жері



1,9

Барлығы

21,1




21,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады